16.02.2010, 17:24 3243

Оңтүстік Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскер құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскер құрықталды

Шымкент. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері "Форд фокус" автокөлігін иемдену мақсатында қарақшылық жасаған қылмыскерді құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2009 жылдың 26 желтоқсанында Ил-Фараби ІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 40-жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, жеке көлігімен келе жатқанда белгісіз екі тұлға тоқтатып, Сәуле ықшамауданынан жеткізіп тастауын сұранған. Айтылған жерге жеткен кезде олар оған күш қолданып, қабырға тұсынан екі рет пышақтап, басын таспен ұрып, автокөлігін тартып алып, айдап кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жәбірленушінің автокөлігі Қазығұрт ауданындағы мал қораның жанынан табылып, иесіне қайтарылды".

"Автокөлік табылған жерде тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті азаматтар автокөліктің жанармайы таусылып, тұрып қалғандықтан, олар бензин әкелуге кеткенін көрген ауыл тұрғындары анықталды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті екі жігіт ол жерге басқа көлікпен келіп, жанармай құйып, ұрланған автокөлікті айдап кеткен. Куәгерлерден сұрастыру барысында, автокөлік айдағандар сол ауылдың тұрғындары екені анықталды",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында осы қылмысқа қатысты ретінде Сарыағаш ауданының 1991 жылы туған тұрғыны екені анықталып, ұсталды.

"Ол бұрын ҚР ҚК-нің 175-бабы "ұрлық" бойынша сотты болған, қазіргі таңда еш жерде жұмыс істемейді. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 179-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдіктінің бірі қамауда. Екінші сыбайласы іздестірілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда",- деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны