31.03.2009, 15:37 6326

Оңтүстік Қазақстан облысында "Қару" іс-шарасы жүргізілген алғашқы тәуліктерде 9 қару тәркіленіп, қару иемденуге рұқсат беру заңнамасын бұзудың 85 оқиғасы тіркелді

Оңтүстік Қазақстан облысында "Қару" іс-шарасы жүргізілген алғашқы тәуліктерде 9 қару тәркіленіп, қару иемденуге рұқсат беру заңнамасын бұзудың 85 оқиғасы тіркелді

Шымкент. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында "Қару" іс-шарасы жүргізілген алғашқы тәуліктерде 9 қару тәркіленіп, қару иемденуге рұқсат беру заңнамасын бұзудың 85 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оңтүстік Қазақстан облысында "Қару"іс-шарасы жүргізілген алғашқы тәулікте заңсыз сақталған 9 қару тәркіленді, соның ішінде кіші калибрлі шолақ бесатар мен екі тегіс оқпанды қару бар. Сондай-ақ, қару иемденуге рұқсат-лицензия беру заңнамасын бұзудың 85 оқиғасы анықталды, хаттамалар қозғалды. 30 наурызда басталған республикалық "Қару" іс-шарасы аясында Шымкентте 12 блокпост қойылды. Шараның мақсаты - заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды анықтау және іздеуде жүрген адамдарды табу", - деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны