17.01.2008, 17:53 2809

Оңтүстік Қазақстан облысында қарулы қақтығыстардың жиілеп кетуіне байланысты "Қару" іс-шарасы жарияланды

Оңтүстік Қазақстан облысында қарулы қақтығыстардың жиілеп кетуіне байланысты "Қару" іс-шарасы жарияланды

Шымкент. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында қарулы қақтығыстардың жиілеп кетуіне байланысты "Қару 2008" іс-шарасы жарияланды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Салтанат Қаракөзованың айтуынша, облыста үстіміздегі жылдың 16 күнінде бес адам өлтіру қылмысы жасалған, соның ішінде екі жағдайда атыс қаруы қолданылған.

"Жедел ахуалды тұрақтандырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, атыс қаруын, оқтар мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында қаңтардың 15 мен 25 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында "Қару-2008" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде", - деп хабардар етті баспасөз хатшысы.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, іс-шараны өткізуге Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің барлық бөлімшелері, 17 бірлік автокөлік жұмылдырылып, 10 тосқауыл бекеттері және 10 мобильдік топ қойылған.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, 2007 жылы облыста 136 адам өлтіру қылмысы тіркелген, олардың 22-сі атыс қаруын қолданумен жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны