06.04.2010, 14:40 3128

Оңтүстік Қазақстан облысында қарулы жасөспірімдер тобы құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қарулы жасөспірімдер тобы құрықталды

Шымкент. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында қарулы жасөспірімдер тобы құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 31 наурызда Шымкент қалалық ІІБ-ның Абай аудандық бөлімінің кезекші бөліміне қалалық жәдел жәрдем ауруханасының қызметкерлері үш адамның: 17 жастағы жігіт пен 11 және 13 жасар екі қыз баланың бытыра жарақаттарымен ауруханаға түскені туралы хабар береді.

Жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алған полицейлер бір топ қарулы жасөспірімнің көшеде атыс-шабыс ұйымдастырғанын анықтады. Үш адамды жаралаған олар "ВАЗ-2109" көлігіне мініп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Дереу жүзеге асырылған "Тосқауыл" операциясының барысында қаланың барлық көшелері жабылды. Полицейлер бірнеше сағаттан кейін күдіктілердің барлығын қолға түсірді. Олардың бәрі - қала тұрғындары. Күдіктілер осының алдында керісіп қалған өз таныстарын қорқытқысы келгендерін айтқан. Олар әлгі таныстарына қаратып оқ атқан кезде кездейсоқ тағы екі қыз балаға тиіп кеткен.

Айғақзат ретінде 16 калибрлі екі оқпанды 2 шолақ мылтық және "ВАЗ-2109" маркалы автокөлігі тәркіленді. Ұсталған үшеудің біреуі - 18 жастағы азамат - қамауға алынды, қалған 16 және 17 жастағы екеуі еш жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 24-ші бабы (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу), 257-ші бабы (бұзақылық), 251-ші бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны