27.05.2008, 12:03 1405

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясы бірнеше қылмыстық іс қозғады

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясы бірнеше қылмыстық іс қозғады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті бірнеше қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, қаржы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық декларациясына кірісі туралы қасақана бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы 1 млрд 200 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған бір ЖШС директорының үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 222-бабының 2-тармағы бойынша (ұйымдардың салық төлеуден жалтаруы) қылмыстық іс қозғалды.

Бұған қоса, облыстың бір ауданының пошта байланысы бөлімінің бастығы мен зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі мемлекектік орталықтың бас маманының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының "г" тармақшасы бойынша (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды, олар өздерінің қызмет бабын пайдаланып 521 мың теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырған.

Сондай-ақ, салық декларациясына кірісі туралы қасақана бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы 618 млн 100 мың теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған, кәсіпкерлік қызметпен айналысу ниетінсіз "Юг-Сан" ЖШС және "Субан Ко" ЖШС атты жалған кәсіпорындар құрған "Юг-Сан" және "Субан Ко" ЖШС-нің директорының үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 222-бабының 1-тармағы бойынша (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны