10.06.2008, 15:12 3146

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясы салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпкерлік және экономикалық контрабанда үшін қылмыстық істер қозғады

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясы салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпкерлік және экономикалық контрабанда үшін қылмыстық істер қозғады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпкерлік және экономикалық контрабанда деректері бойынша үш қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бір ЖШС директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 1-тармағы (ұйымның салық төлеуден жалтаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол салық декларациясына кіріс жөнінде бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы 76 млн теңге көлеміндегі салық төлеуден жалтарған.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысу ниетінсіз "Макар-Х" атты жалған кәсіпорынды тіркегені үшін бір азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің жалған кәсіпкерлік жөніндегі 192-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түрлі кәсіпорындармен сауда-саттық жүргізу барысында ол бюджетке 47 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы 1 млн 200 мың теңгенің халық тұтынатын тауарларын алып өту барысында оларды кедендік бақылаудан жасырған азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің экономикалық контрабанда жөніндегі 209-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны