03.09.2009, 16:48 3148

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының қызметкері ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының қызметкері ұсталды

Шымкент. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері қаржы полициясының қызметкерін заңсыз сыйақы алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің жедел тергеу тобы Шымкентте Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ОҚО департаментінің Ордабасы аудандық өңіраралық басқармасы бастығының орынбасарын жер теліміне құжаттай иелік ету құқығы түрінде заңсыз сыйақы алып жатқан сәтте қолға түсірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл сыйақыны ұсталған лауазым иесі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан қылмыстық іс қозғаудан бас тарту үшіп бопсалаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабының 2-тармағының "в" тармақшасы бойынша (қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасау) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны