15.05.2008, 13:28 1426

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер 45 тонна ұнды заңсыз алып шығуға жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер 45 тонна ұнды заңсыз алып шығуға жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Шымкент. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері 45 тонна ұнды заңсыз алып шығуға жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстаннан Өзбекстанға темір жолмен жіберілген жүкті кедендік тексеру барысында 894 қапта (әрбіреуінің бағасы 50 килограмнан) "Алтын нан целинная" бірінші сұрыпты ұны бар екені анықталды, ал екі вагондағы бұл жүк "бидай кебегі" ретінде рәсімделген, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл жүк Өзбекстанның Самарқанд облысына жіберілген. Жүкті Қазақстандық бір фирма жіберген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, декларацияда көрсетілмеген ұн тиелген вагондар "Станция Сарыағаш" кеден бекеті арқылы Қазақстанның кедендік шекарасынан өтетін кезде ұсталды.

Қазір бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны