10.01.2008, 10:38 1688

Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау қаласының қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы мен оның қарамағындағы екі қызметкер ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау қаласының қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы мен оның қарамағындағы екі қызметкер ұсталды

Шымкент. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау қаласының қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, оның орынбасары мен аға оперативтік уәкілдің үстінен пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті төрағасының орынбасары Данияр Исаев хабарлады.

"Кентау қаласының аудандық қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, оның орынбасары мен аға оперативтік уәкілі қылмыстық сыбайластық топ құрып, 150 мың теңге көлемінде пара бопсалаған. Шұғыл іздестіру шараларының барысында аталған лауазым иелері 50 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсті", -деді Д. Исаев.

Қаржы полициясы бастығының орынбасарының түсіндіруінше, полицейлер Кентау тұрғынынан оның көршісінің берген бұзақылық жөніндегі арызы бойынша қылмыстық іс қозғамау үшін пара талап еткен. Жігіт қаржы полициясына шағымданды.

Д. Исаевтың айтуынша, ұсталған қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы сол сәтте зейнет демалысына шығар алдындағы соңғы күні жұмыс істеп жатқан.

"Оларға қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабының 4 тармағының "а" бөлімі бойынша (бопсалау жолымен пара алу) қылмыстық іс қозғады, бұл бап бойынша ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыру мен мүлкін тәркілету жазасы жүктеледі", - деді Д. Исаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны