11.05.2010, 15:01 2969

Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыскерлер зейнеткерді жарақаттап, оның джип көлігін мініп кеткен

Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыскерлер зейнеткерді жарақаттап, оның джип көлігін мініп кеткен

Шымент. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыскерлер зейнеткерді жарақаттап, оның джип көлігін мініп кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция қызметкерлері 23 сәуір күні Шымкент қалалық Ил-Фараби аудандық полиция бөліміне автотұрақ күзетшісі хабарласып, бір ер азаматтың қарудан жараланғаны туралы айтты",- деп хабарлайлы ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, азиялық нәсілді үш белгісіз тұлғалар отты қарудан 72 жастағы қарт адамды жаралап, оның "Тойота Ленд Крузер" автокөлігін ұрлап кеткенін анықтады. Нәтижесінде жәбірленуші қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, оған ота жасалды. Бүгінгі таңда жәбірленуші халі қанағаттанарлық жағдайда.

"Полиция бөлімінде тергеушілер қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілердің қала сыртына шығып кету қаупі бар екенін ескере отырып, барлық аудандық Ішкі істер органына және де ІІД криминалды полицияларына олардың ерекше белгілерін анықтайтын бағдар жіберілді",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен Алматы қалалық ІІД әріптестерімен біріге отырып, 6 мамыр күні Алматы қаласындағы бір көшеде күдікті азаматты құрықтады. Күдікті Қарағанды облысының 1978 жылы туылған тұрғыны, еш жерде жұмыс істемейді. Бұрын-соңды сотты болмаған. Айғақзат ретінде ұрланған джип тәркіленіп алынды. Қарақшылық шабуылдың басқа да қатысушылары іздестірілуде, ал ұсталған азамат Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды мекемедегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны