18.09.2008, 19:02 2851

Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Шымкент. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында "Арна-2008" іс-шарасы барысында қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова бүгін брифингте хабарлады.

""Рубеж" бекетінде Р. Бекбаев жол полициясының қызметкерінің талабына бағынбай, тәртіп сақшысын қағып, бетон қоршауды басып өтіп, Шымкент жаққа қарай қашып кетуге әрекет жасады. Оны "Арлан" арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері көлігінің артқы дөңгелектеріне автоматтан оқ жаудыру арқылы тоқтатты, сол кезде көлік аударылып кетті", -деді С. Қаракөзова.

Ұсталғаннан 100 грамм героин шыққан. Ал үйіндегі тінту кезінде автокөліктің бірнеше мемлекеттік нөмірі табылды.

ІІД-нің оперативтік материалдарында 31 жастағы Р. Бекбаев қылмыстық топтың жетекшісі ретінде тіркелген. Қазір ол көлік аударылған кезде алған жарақатқа байланысты ауруханада жатыр.

Қылмыстық істі ҚР ІІМ-нің Тергеу комитетінің қызметкерлері жүргізбек.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Р. Бекбаев бұған дейін қарақшылық шабуыл, есірткі сақтау және сату қылмыстары үшін үш мәрте сотталған. 2005 жылы да оны есірткі сақтау дерегі бойынша ұстағанымен, қылмыстық жауапкершілікке тарту ол кезде мүмкін болмаған, -деді ІІД баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны