09.01.2014, 21:05 4679

Оңтүстік Қазақстан облысында көкпардың соңы атысқа ұласып, бір адам қаза тапты

"Қазіргі таңда айғақзат ретінде одан "Макаров" тапаншасы және "Сайга" мылтығы алынып отыр. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде",- дейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында аламан көкпардың соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ұлттық ойын қызған шақта тақымы мықты екі жігіттің арасында кикілжің туындаған. Осыдан кейін олардың бірі екіншісіне оқ жаудырыпты. Кейін оқиға болған жерден ізін суытқан. Ауыр жарақаттанған 1987 жылы туылған шабандоз ауруханаға жетпей жедел-жәрдем көлігінде көз жұмған. Тәртіп сақшылары бір тәуліктен кейін барып, осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні қолға түсірді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

"Қазіргі таңда айғақзат ретінде одан "Макаров" тапаншасы және "Сайга" мылтығы алынып отыр. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде",- дейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны