08.06.2009, 19:08 3177

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР ҰҚК қызметкерлері ауған героинінің ірі партиясын тәркіледі

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР ҰҚК қызметкерлері ауған героинінің ірі партиясын тәркіледі

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында 5 маусымда ҚР ҰҚК қызметкерлері ауған героинінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҰҚК қызметкерлері ауған героинінің ірі партиясын жеткізудің контрабандалық арнасын жоюға бағытталған кезекті табысты операцияны жүзеге асырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы "Қызыл-Ту" бекетінде Қазақстан азаматы айдаған автокөлік ұсталды. Көлікті тектерген кезде жоғары сапалы 20 килограмм 750 грамм героин салынған 19 пакет табылып тәркіленді.

"Анықталған есірткі тасымалдау арнасының барлық тармақтарын жою іс-шараларының аясында ҰҚК қызметкерлері Шымкентте есірткіні алған кезде есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастырушылардың бірі - Қазақстан азаматын ұстады. Есірткі тасымалын ұйымдастыруға қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел тергеу әрекеттері одан әрі жалғасуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР ҰҚК мәліметінше, ағымдағы жылдың 5 айында ұлттық қауіпсіздік органдары 48 есірткі арнасының, соның ішінде 30 халықаралық арнаның жолын кесіп, 22 есірткі тасушы топты жойды. 250 килограмнан аса героин мен апиын заңсыз айналымнан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны