01.11.2016, 14:49 3932

Оӊтүстік Қазақстан облысында мәдениет саласындағы түйткілді мәселер қаралды

Атап айтқанда, есепті мерзімде өӊірде құрылысы жүріп жатқан жаӊа нысандар аяқталып, Сарыағаш ауданындағы 5 ауылдық мәдениет үйі мен клуб және Шардара аудандық музейініӊ жаӊа ғимараты пайдалануға берілген.

Шымкент. 1 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев мәдениет саласы және зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мәдениет саласындағы түйткілді мәселер қаралған кездесуге облыстыӊ белгілі ақын, жазушылары мен ғалым, археологтары, суретшілер мен қолөнер шеберлері, композиторлар және мәдениет саласыныӊ қызметкерлері қатысты.

Басқосудыӊ басты мақсаты облыстыӊ мәдениетін республикалық және халықаралық деӊгейге көтеру керек екенін айтқан аймақ басшысы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ рухани келбеті мен болмысы, оныӊ мәдениетінен, атап айтқанда, өнер, әдебиет, театр мен ақындық өнер сынды жауһарлардан тұратынын, оныӊ иесі кездесуге келген атпал азаматтар екенін жеткізді.

Жиында облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Нұрболат Ахметжанов салада жыл басынан бергі 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндап, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, есепті мерзімде өӊірде құрылысы жүріп жатқан жаӊа нысандар аяқталып, Сарыағаш ауданындағы 5 ауылдық мәдениет үйі мен клуб және Шардара аудандық музейініӊ жаӊа ғимараты пайдалануға берілген. Осы кезеӊде облыстағы мәдениет және өнер мекемелеріне қажетті 86 жас мамандармен қатар, 23 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа қабылданған.

"Өӊіріміздегі 423 кітапханадағы кітаптар саны 74 мыӊнан астам жаӊа кітаптармен толықтырылып, жалпы қор 7 млн. 185 мыӊ данаға жетіп, электрондық кітап қоры 17355 дананы құрады. Оқырмандарға қазіргі заман талабына сай сапалы қызмет көрсету үшін "Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына - 25 модельді ауылдық кітапхана" атты жобаныӊ аясында Созақ, Түлкібас, Мақтарал аудандарында 7 модельді ауылдық кітапханалар ашылды", - деді басқарма басшысы.

Кездесу барысында облысымыздағы ақын-жазушылар мен профессор-ғалымдар және археологтар тарихи, рухани мұралар жайындағы өзекті мәселелерді ортақ талқыға салып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, олар өӊірдіӊ мәдениетін көтеру мақсатында ұлттық идеологияны қалыптастырып, қазақтыӊ дәстүрлі өнерін дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету үшін барлық аудан, қалалардан ақындар мектебін ашу мәселесін, өӊірімізде тарих және мәдениет үшін айрықша маӊызы зор археология және сәулет ескерткіштерін қорғау және Шымкент, Сайрам қалашықтарын ЮНЕСКО-ныӊ тізіміне енгізу мәселелерін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, облыстағы мәдениет және өнер мекемелерініӊ бүгінгі таӊдағы жай-күйі мен осы саладағы қалыптасқан проблемалар жөнінде де облыстық театрлардыӊ жетекшілері өз ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде, әкім өӊірдіӊ туризм саласы бағыты бойынша үлкен тұжырымдама жасалынып жатқанын атап өтіп, туристерге Түркістанныӊ рухани орталық екенін көрсету қажеттігін айтты.

"Бүгінде киелі Түркістанға туристер келсе кесенеден басқа баратын жер жоқ. Ол туралы деректерді көбірек насихаттау үшін Түркістан қаласынан Ясауидіӊ жеке мұражайы мен ол туралы кейінгі ұрпаққа тереӊірек таныту үшін Яссауи мектебін ұйымдастыруды ұсынамын", - деді облыс әкімі.

Зиялы қауымныӊ үлкен миссиясы - ол халықты рухани жағынан байыту екенін айтқан аймақ басшысы салт-дәстүр мен байырғы әдет-ғұрпымызды, ұлттық тағамдарымыз бен қолөнермізді дамыту қажеттігіне тоқталды. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында рухани саладағы әрбір сала мамандарынан облыс әкімі жанындағы ақылдастар алқасын құрып, сол азаматтардыӊ ақыл-кеӊестерін тыӊдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша айтылған пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, мәдениет саласыныӊ жұмысын жақсарту бойынша облыс әкімдігініӊ хаттамасы толтырылды. Бұл ретте, облыс әкімі Ж.Түймебаев әрбір көтерілген кемшіліктердіӊ сапалы әрі мерзімді орындалуы қадағаланатынын ескертті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны