24.10.2016, 12:57 6202

Оӊтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша төрт бағытта баспана алуға болады

Мемлекеттік бағдарлама бойынша мынадай бағыттыӊ бірі арқылы баспана алуға болады: 1. Жергілікті атқару органдарда кезекте тұрғандарға арналған баспана (мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж жандар ретінде есепте тұрғандар). 2. Тұрғындардыӊ барлық санаттары үшін "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" АҚ желісі бойынша баспана. 3. "Қазақстанныӊ ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ желісі бойынша баспана. 4. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ желісі бойынша баспана.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында "2020 жылға дейінгі өӊірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 790 мыӊ шаршы метрлі 262 үйдіӊ құрылысы жүргізілуде (11 135 пәтер). Ағымдағы жылы 252 мыӊ шаршы метрлі 151 үй (3 197 пәтер) пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОҚО әкімі бұдан бұрын мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты мемлекеттік баспана кімдерге беріледі деген сұрақпен тиісті органдарға хабарласқан едік. Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі төрағасыныӊ орынбасары Гүлнәр Ишірбаеваныӊ мәліметінше, мемлекеттік бағдарлама бойынша мынадай бағыттыӊ бірі арқылы баспана алуға болады:

1. Жергілікті атқару органдарда кезекте тұрғандарға арналған баспана (мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж жандар ретінде есепте тұрғандар).

2. Тұрғындардыӊ барлық санаттары үшін "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" АҚ желісі бойынша баспана.

3. "Қазақстанныӊ ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ желісі бойынша баспана.

4. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ желісі бойынша баспана.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу схемасы жалпы алғанда мынадай:

1) қажетті құжаттарды жинап, тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсыру;

2) құжаттар дұрыс болған жағдайда 30 күнтізбелік күн ішінде хабарлама алып, кезекті интернет арқылы қадағалап отыру.

-Баспана алуға кезекке тұру үшін еӊ алдымен тиісті елдімекенде тұрақты тұратын болу керек, бірақ ол тұрып жатқан мерзіміне байланыссыз. Екіншіден, коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан келесі тұлғаларға беріледі:

- Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектеріне;

- жетім балаларға, ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға;

- баспана беру туралы өтінішпен жүгінердіӊ алдындағы соӊғы он екі айдыӊ ішінде жиынтық айлық орташа кірісі отбасыныӊ әрбір мүшесіне шаққанда, Республикалық бюджет туралы заӊмен тиісті қаржылық жылға белгіленген еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болып табылатын әлеуметтік аз қорғалған тұрғындарға (еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 3,1 еселенген мөлшері коэффициенті жетімдерге, ата-анасыныӊ қамқорлығынан тыс қалған балаларға және мүгедек балаларға таралмайды);

- мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардыӊ қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерліктен үміткерлерге, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы лауазымдағы азаматтарға;

- жалғыз баспанасы ҚР заӊнамасына сәйкес тәртіппен апаттық жағдайда деп танылған азаматтарға.

Бұл ретте, егер сіз ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" заӊыныӊ 69-бабына сәйкес төмендегі талаптарға сай келетін болсаӊыз, баспанаға мұқтаж жан деп таныласыз:

- баспанаға мұқтаж тұлға ретінде есепке тұрған сәтте және коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана берілген сәтте соӊғы бес жылда ҚР аумағында меншіктену құқығымен баспанаӊыз болмаған болса;

- отбасыӊыз тұрып жатқан үй белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға сай келмесе;

- жанама және бөлінбеген тұрғын жайларда екі және одан көп отбасы тұрып жатса;

- отбасыӊызда кейбір созылмалы аурулардыӊ ауыр түрлерімен ауыратын (ҚР үкіметі белгілеген аурулардыӊ тізімі бойынша) науқас адамдар болса, бұл ретте олармен бір орын-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмаса.

Отбасына қосымша баспана берілуі мүмкін аурулардыӊ тізімі:

1. Тұрақты психотикалық белгілері бар және тұлғаныӊ елеулі өзгерістеріне апарып соққан жүйке жүйесініӊ аурулары, егер мұндай науқаспен бірге тұру оныӊ айналасындағылар үшін мүмкін болмаса.

2. Қол -аяқ және жамбас органдарыныӊ функциясы ауыр түрде тұрлаулы бұзылуға алып келген орталық жүйке жүйесініӊ органикалық және жарақаттан кейінгі бұзылулары.

3. Тік ішек, несеп жүйесі және қынап тесігі, қуық қалбыршағыныӊ стомасы, әдеттен тыс анус.

4. Жиі ұстама ұстап қалатын, III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігіне дейін асқынуға алып келген үздіксіз рецидивтік ағымдағы өкпе астмасыныӊ ауыр түрі.

5. Жүріс-тұрыс функциясын істен шығарған ұрық қуалаған прогрессиялы жүйке-бұлшық ет жүйесініӊ дистрофиясыныӊ ауыр түрлері. Ауыр түрдегі қант диабетініӊ I түрі.

ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" заӊыныӊ 75-бабыныӊ 1 -тармағына сәйкес, мемлекеттік баспана бір адамға шаққанда пайдалы алаӊ 15 шаршы метрден төмен емес және 18 шаршы метрден жоғары емес мөлшерде, бірақ, бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бір бөлмеден төмен емес мөлшерде беріледі. Егер отбасында жоғарыда аталған аурулармен ауыратын адам болса, оған жеке бөлме беріледі. Сондай-ақ, егер отбасында жүктілік мерзімі 22 аптадан жоғары болып табылатын жүкті әйел болса, берілетін баспананыӊ аумағы жоғары болуы мүмкін. ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" заӊыныӊ 76-бабына сәйкес, берілетін баспана қала аумағында және мүгедектерге ыӊғайлы жағдайлар жасалған тұрмысқа жайлы тұрғын үй болуға тиіс.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы өз Жолдауында Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаӊарулардыӊ бес бағытын ұсынды. Олар - қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оӊтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаӊа инвестициялық саясаттыӊ негіздері және жаӊа әлеуметтік саясат. Тағы бір бағыт - жаӊа әлеуметтік саясат. Елбасымыз кедергілерге қарамастан халықты қолдауды жалғастыратынын айтты. Ешбір әлеуметтік көмектер қысқармайды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "ҚАЗАҚСТАН ЖАӉА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ" атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында белгілеген Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаӊарулардыӊ бес бағытыныӊ бесіншісі Жаӊа әлеуметтік саясат деп аталады. Онда былай делінген:

"Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардыӊ өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардыӊ теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардыӊ әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Илеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердіӊ саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердіӊ үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.

Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеӊеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерініӊ еӊбекақысы орташа алғанда - 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі - 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерініӊ түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардыӊ 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап біз инфляция деӊгейініӊ алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметшілердіӊ еӊбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды оӊтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз еӊбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздіӊ халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!

Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем - бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ. Илеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек. Бұл - солардыӊ ақшасы!

Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканыӊ нақты негізі болуға қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеӊейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдыӊ бірінші тоқсаныныӊ соӊына дейін еӊбекпен қамтудыӊ жаӊа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды дамыту мен елдімекендерді абаттандыру жобалары есебінен еӊбек рыногыныӊ тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Кадрларды кеӊ ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу кеӊеюде.

Бүгін мен жаӊа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттіӊ әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардыӊ нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерініӊ еӊбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздыӊ жекелеген топтарыныӊ ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудіӊ еӊ төменгі деӊгейініӊ құрылымдарын қайта қарау және оныӊ түрлі деӊгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оӊтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын.

Еӊбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардыӊ қайта оқуға немесе еӊбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектіӊ мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Илеуметтік саясаттағы мемлекеттіӊ басымдығы адам капиталын дамытуға кеӊ ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаӊғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаӊа жоба - "Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім" бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны