14.12.2009, 16:18 3114

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысып жүрген қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысып жүрген қылмыстық топ құрықталды

Шымкент. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысып жүрген қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "27 қараша күні Шымкент-Шолаққорған тас жолында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шаралар жүргізу барысында Павлодар-Шымкент мұнай құбырын кесіп ұрлаған шикі мұнайды бірнеше үлкен жүккөліктерге толтырып, Жамбыл облысының бағытына кетіп бара жатқан жерінен анықтады. Үш үлкен жүккөлігінен құралған автокеруенді "Ауди-100" мемлекеттік номері жоқ автокөлік алып бара жатқан. Барлық көліктерді біздің қызметкерлер тоқтатты".

"Тексеру барысында үш көлікте жалпы мөлшері 40 тонна болатын шикі мұнай бар екендігі анықталды. Қазіргі таңда мұнай ұрлығы бойынша 7 адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың үшеуі Жамбыл облысының 1970, 1976 және 1977 жылы туған азаматтары. Ал қалған төртеуі Қызылорда облысының 1978, 1979, 1982 және 1987 жылы туған тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің үстінен бұрын-соңды қылмыстық іс қозғалмаған, Ішкі істер органдарының тізімінде тұрмаған, жұмыссыздар",- делінген хабарламада.

"ОҚО ІІД тергеушілері күдіктілердің әрқайсысының қылмыстағы ролін анықтау үстінде, мұнай ұрлығы бойынша басқа да қылмысқа қатыстылығы жөнінде айғақты заттар жинастыруда. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 175-бабы 3-бөлімі "үлкен мөлшерде жасалған ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жетеуі қамауда",- деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны