24.10.2008, 13:10 1631

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды

Шымкент. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары "Семсер" күзет ұйымының қызметкерлерімен бірлесіп Павлодар-Шымкент мұнай құбырынан мұнай ұрлады деген күдікпен облыстың екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"22 қазанда 56 жастағы Мақтаарал ауданның тұрғыны мен 48 жастағы Шардара ауданының тұрғыны мұнай құбырының 1477-ші шақырымында ұсталды. Оның жанында автоцистернасына мұнай құйылған екі мұнай тасушы көлік тұрған. Ұсталғандар Созақ АІІБ-ына жеткізілді, тергеу жүргізілуде", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны