15.04.2010, 13:24 3329

Оңтүстік Қазақстан облысында оқу орындарына қарақшылық шабуылдар жасаған қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында оқу орындарына қарақшылық шабуылдар жасаған қылмыстық топ құрықталды

Шымкент. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Шымкент қаласында оқу ғимараттарындағы үлкен мөлшердегі ақшаны тонау мақсатында бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады. Бұл қарақшылық топты құрықтауға ОҚО ІІД қызметкерлері 4 ай уақытты сарп етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 9 желтоқсанында таңғы сағат 1 шамасында бір колледжге беттеріне бетперде киген 4 белгісіз азамат кіріп, ғимарат қарауылын скотчпен байлап, ұрып-соғады.

"Кассаның есігін сындырып, ондағы 200 000 теңге ақшасы бар сейфті алып, оқиға орнынан бой тасалайды. 2009 жылдың 15 желтоқсан күні олар тағы да қарақшылық шабуыл жасайды. Бұл жолы олар университеттердің біріне түсіп, одан 3 500 000 теңге көлемінде ақшаны алып кеткен. Желтоқсан-қаңтар айларында осы қарақшылық топ Шымкент және Сайрам ауданында орналасқан екі оқу орнының кассаларынан 700 000 теңге ақшасын тонап кеткен",- деп хабарлайды ІІД.

ІІД мәліметінше, бұл қылмыстар Абай, Ил-Фараби және Сайрам ішкі істер органдарында тіркелген. Қылмыстың ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті жедел қызметінің барлық жеке құрамы қамтылды. "Тыңғылықты сараптаманың нәтижесінде полицейлер қылмыстық топтың бір кесте бойынша, яғни бетперде киген және де құрбандары ретінде оқу орындарын таңдап отырғанын анықтады. Олар қылмыстық іс-әрекеттерін түнгі уақытта, ғимаратта тек күзетшілер қалған кезде жасаған",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлерінің сәтті жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде облыс орталығында 20-21 жастағы үш азаматты ұстады. Олардың барлығы да Шымкент қаласының тұрғындары, жұмыссыз және ешқайда оқымайтын азаматтар.

"Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында үш күдікті тағы басқа 4 жәйт бойынша, яғни желтоқсан-қаңтар айларында жасағандарын мойындады. Азаматтарға қатысты жалпы құны 4 000 000 теңге көлемінде шығын келтірілген. Ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратып отырған. Айғақзат ретінде бетперделер мен таяқ алынған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Осы оқиға бойынша күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 179-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда олар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысты төртінші қатысушыны ұстау шаралары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ол іздестірілуде",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны