06.06.2018, 20:18 5514

Оӊтүстік Қазақстан облысында өӊір орталығын Түркістан қаласына көшіру мәселесі қаралды

Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында депутаттардыӊ қарауына Шымкент қаласы халқыныӊ бір миллионға жетуіне орай, оған ерекше мәртебе беру, облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру және осыған байланысты облыстыӊ, Түркістан, Кентау қалаларыныӊ шекараларына өзгерістер енгізу мәселелері ұсынылды.

Шымкент. 6 маусым. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында депутаттардыӊ қарауына Шымкент қаласы халқыныӊ бір миллионға жетуіне орай, оған ерекше мәртебе беру, облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру және осыған байланысты облыстыӊ, Түркістан, Кентау қалаларыныӊ шекараларына өзгерістер енгізу мәселелері ұсынылды.

Енгізіліп отырған өзгерістерге сәйкес, Түркістан қаласыныӊ облыс орталығы болуы кезінде қала әкімдігіне қарасты 12 ауыл округі Кентау қаласы әкімдігініӊ қарамағына өтетін болады. Шымкент қаласыныӊ аумағы өзгеріссіз қалып, облыстыӊ аумағынан жеке бөлініп шығуына байланысты облыстыӊ аумағы қысқармақ. Сонымен қатар, әлеуметтік, әкімшілік нысандардыӊ орналасу жағдайы мен инфрақұрылыммен, оныӊ ішінде, ауыз сумен, газбен, автомобиль жолдарымен, байланыс желілерімен қамтылуы, ағын сумен қамтамасыз етілуі, жер жағдайы, олардыӊ халыққа ыӊғайлы болу мәселелерініӊ барлығы ескерілген.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баршаны Шымкент қаласы тұрғындарыныӊ 1 миллионға жетуімен шын жүректен құттықтады.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев қашан да ұлт руханиятыныӊ алтын ұясы, қазақ тарихыныӊ түп тамыры - Оӊтүстікке айрықша көӊіл бөліп келеді. Тәуелсіз Қазақ елінде тұӊғыш рет миллиондық қаланы межелеу, оған арнайы мәртебе беру ісі 2014 жылдан басталды. Бүгінде көзделген мақсат орындалып, Шымкент қаласы тұрғындары 1 миллионға жетіп отыр. Біз Сіздермен бірге Шымқалаға республикалық мәртебе берумен қатар, жаӊадан облыс орталығын таӊдау бақыты бұйырған тарихи сәттіӊ табалдырығында тұрмыз. Мұндай орталық ретінде Қазақ елі үшін ғана емес, исі түркі әлеміне ортақ, қасиетті Түркістанныӊ таӊдалуын халықтыӊ зор ықыласпен қабылдауын қуанышпен атап айтқым келеді. Мұны Түркістан, Кентау қалаларыныӊ шекараларына өзгерістер енгізу барысында тұрғындармен жүргізілген қоғамдық тыӊдаулар мен өздеріӊізбен талқылау барысында айқын сезініп отырмыз",-деді аймақ басшысы.

Аталған мәселе бойынша Үкімет жанынан құрылған арнайы жұмысшы топпен бірлесе бөлудіӊ экономикалық тиімділігіне, оныӊ облыстыӊ, Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері жан-жақты талданды.

Жоғарыда аталған ұсынысты қолдаған халық қалаулылары Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімшілік-аумақтық құрылысыныӊ кейбір мәселелері туралы облыс әкімдігі қаулысы мен мәслихаттыӊ шешіміне қол қойды.

Жалпы, қаланыӊ инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу деӊгейі жоғары болып табылады. Бұл көрсеткіштер Шымкент қаласына ерекше мәртебе беруіне толық мүмкіндік береді.

Қазақта "қос тойыӊ қабат болсын, екі дүниеӊ абат болсын" дейтін керемет сөз бар екенін айтқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Ұлы Тұран даласыныӊ темірқазығы, Ұлы түркі бабалардыӊ түпқазығы саналатын қасиетті өлке Түркістанды облыс орталығы ету ұсынысы баршаға ерекше ой салатынын жеткізді.

"Түркістан - Рухты қайрап, Алашты арқаландырып, тағдырлы кезеӊдерде Қазақ дейтін елді сақтап, берекесін арттыра білген қасиетті жер. Санаға сілкініс туғызып, отаншылдық сезімді тереӊдететін тыӊ бастама Рухани жаӊғырудыӊ жарқын көрінісі болары анық. Осы орайда Түркістан туризм саласы бойынша Самарқанд, Бұхара, Хиуа сияқты қалалармен бәсекелесіп, Түрік әлемініӊ астанасы және облыс орталығы ретінде әлемдік аренада Қазақстанныӊ беделін биіктетіп мәртебесін асқақтатады деп есептеймін",-деді қорытынды сөзінде облыс әкімі.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны