07.12.2016, 12:17 4572

Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан "Ордабасы құс" ЖШС ҚР Президентініӊ "Алтын сапа" сыйлығымен марапатталды

Биыл Президенттік арнаулы "Алтын сапа" сыйлығы жаӊа аталыммен толықты. Елбасы жарлығымен тұӊғыш рет "Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық тауарларын шағартын үздік кәсіпорын" аталым тағайындалды. Аталым жеӊімпазы "Ордабасы құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марапаттады.

Шымкент. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жылдыӊ басты оқиғаларыныӊ бірі Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Алтын сапа" сыйлығыныӊ аталым бойынша табыстау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Биыл Президенттік арнаулы "Алтын сапа" сыйлығы жаӊа аталыммен толықты. Елбасы жарлығымен тұӊғыш рет "Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық тауарларын шағартын үздік кәсіпорын" аталым тағайындалды. Аталым жеӊімпазы "Ордабасы құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марапаттады.

Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан күркетауық өсірумен және оныӊ етін тереӊдете өӊдеумен айналысатын "Ордабасы құс" кешені 2010 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Өндірістік кешенніӊ қуаты - жылына 96 мыӊ тонна құс етін өндіру.

Ал дәстүрлі "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын" аталымын ҚР Премьер министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин марапаттады. Жеӊімпаздар тұғырына ірі кәсіпкерліктен Атырау облысыныӊ "ЖігерМұнайСервис" компаниясы көтерілді. Сондай-ақ, орта кәсіпкерліктен "KARLSKRONA LC AB" компаниясы мен шағын кәсіпкерліктен Қарағанды облысыныӊ "Іӊкәр-1" ұйымдары үздіктер қатарынан көрінді.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев "Халық тұтынатын үздік тауарлар бойынша үздік кәсіпорын" аталымына ие болған үздік компанияларға "Алтын сапа" сыйлығын табыс етті. Бұл аталымға ірі кәсіпкерліктен "Баян сұлу" АҚ, орта кәсіпкерлік өкілі "Агрофирма TNK" компаниясы және шағын кәсіпкерліктен "ҚазСПО-N" ЖШС лайықты деп танылды.

ҚР Премьер министрініӊ орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов үздік қызмет көрсеткен компанияларға "Алтын сапа" сыйлығыныӊ "Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын" аталымын табыс етті. Бұл аталымда еӊ сапалы ұйым ретінде ірі кәсіпкерліктен "МВ4", орта кәсіпкерлік субъектісінен "IBS Group" және шағын кәсіпкерліктен "Камал-Ойл" компаниялары жүзден жүйрік атанды.

Елбасыныӊ "Алтын сапа" сыйлығын алуға 187 кәсіпорын өтінім тапсырды. "Алтын сапа" сыйлығы дәстүрлі түрде "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халық тұтынатын тауарлар өндіретін үздік кәсіпорын" және "Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын" атты аталымдағы үш санат бойынша беріледі.

Отандық өнімдер сапасын арттыруда кәсіпорындар мен ұйымдар қызметініӊ белсенділігін көтеру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету және де халық арасында сапа ұғымын насихаттау "Алтын сапа" байқауыныӊ басты мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған байқау қазіргі заманғы менеджменттіӊ даму үрдістерін ескерген негізде өткізіледі және сапа жөніндегі Еуропалық сыйлық үлгісімен үйлесім тапқан. Бұдан тыс, талаптар өнімдер мен қызметтер сапасы саласындағы жетістіктер үшін берілетін ТМД сыйлығына сәйкес келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны