20.06.2007, 15:32 2523

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстаннан ірі көлемдегі валютаны контрабандалық жолмен өткізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды

ШЫМКЕНТ. 20 - маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының кеденшілері Өзбекстаннан ірі көлемдегі валютаны контрабандалық жолмен өткізбек болған Қазақстан азаматын құрықтаған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Жібек жолы" кеден бекетінде декларацияда көрсетілмеген 4 млн 300 мың теңге және 142 мың 880 ресей рублі көлеміндегі ақша қаражатты Өзбекстаннан Қазақстанға алып өтпек болған Қазақстанның азаматы ұсталған. "Ұсталған әйелдің айтуынша, ол ақшаны қызының сөмкесіне салып қойған және оны декларацияда көрсету керек екендігін білмеген",- деп атап өтті кеденшілер.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіні белгілеген бағамы бойынша 142 мың 800 ресей рублі 668 мың 678 теңгені құрайды, яғни ұсталған азаматша Өзбекстаннан Қазақстан аумағына жалпы көлемі 4 млн 968 мың 678 теңгені заңсыз алып өтпек болған", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің қызметкерлері.

Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш дерек бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-тармағы бойынша (экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны