20.04.2009, 17:27 3141

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алған шенеунік 8 жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алған шенеунік 8 жылға сотталды

Шымкент. 20 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық статистика бөлімінің бастығы күзетшіден пара бопсалағаны үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық статистика бөлімінің бастығының үстінен қаңтар айында өзінің қарамағындағы күзетшіден өзінің қорғауына алу үшін 28 мың теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі тергеу барысында осы бастықтың бөлімдегі адамдардан тағы да 32 мың теңге көлемінде пара алғандығы анықталды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны