15.09.2009, 12:21 1513

Оңтүстік Қазақстан облысында параны қой түрінде алған ауылдық округ әкімі ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында параны қой түрінде алған ауылдық округ әкімі ұсталды

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында параны қой түрінде алған ауылдық округ әкімі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО бойынша ЭСЖҚД Жылға ауылдық округінің әкімі аз.Ж. қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311- бабының 3 -тармағы бойынша (Пара алу) қылмыстық іс қозғады.

"Ол делдал жер комитетінің инспекторы аз.К. арқылы Т. есімді азаматтан тұрғын үй салуға арналған жер телімін бөліп беру жөнінде шешім шығарып беру үшін 12 мың тенге және жалпы құны 30 мың тенге құрайтын екі қойды пара ретінде алған кезінде ұсталған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны