20.01.2010, 18:05 3117

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция мал ұрлау мақсатында қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция мал ұрлау мақсатында қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады

Шымкент. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлау мақсатында қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 14 қаңтар күні таңғы сағат 11-30 дар шамасында Шымкент қаласындағы №2 жедел-жәрдем ауруханасына Сайрам ауданының 30-жастағы тұрғыны атыс қаруымен жарақаттанғаны туралы ақпарат келіп түседі. Осы хабарлама бойынша ОҚО ІІД және Сайрам АІІБ-нің кезекші тобы шығып, жәбірленуші 1980 жылы туған азаматтың арызын алады.

Ол өз арызында 13-нен 14 қаңтарға қараған түні сағат 00-30 шамасында оның үйіне беттеріне бетперде киген белгісіз үш азамат келіп, оны ұрып-соғып, сол жақ сүйегіне "ОСА" атыс қаруымен атып, содан кейін әйелін қорқытып, мал қорасындағы қойлары мен жылқыларын белгісіз көлікпен алып кеткенін көрсеткен. Жалпы құны 1,5 млн теңгеге материалдық залал келтірген. Қылмыстың ауырлығын сезіне отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде арнайы жедел топ құрылды. Бұл оқиға бойынша ОҚО ІІД басшылығы жеке бақылауына алды.

Тексеру барысында анықталғандай, қылмыстық топтың бұл әрекеті бірінші рет емес болып шықты. Яғни, алғаш рет 2009 жылдың 28 желтоқсан күні қылмыстық топтың 2 мүшесі малды тонау мақсатында мал қораны алдын-ала барлап қайтады. Ол кезде мал санының көптігі, сондай-ақ, көршілерден қорыққан соң, келесі жолға қалдырады. Екінші рет 2010 жылдың 13-нен 14-не қараған түні атыс қаруын алып және де 6 адам болып барады. Онда үй иесі оларды көріп қалады, қылмыскерлердің үшеуі оны ұрып, қашып бара жатқан соң, екі рет атады. Бірінші рет тимей, екінші оқ үй иесінің сол жақ бетіне тиеді. Илгі үшеуі оны үйіне кіргізіп, ешкімге хабарламас үшін ұялы телефонын сындырып, әйелін соққыға жығады. Үйінде 3 айлық бесіктегі баласы да болған. Бірақ, оған тиіспеген. Сол уақытта қылмыскерлердің басқа үш сыбайластары екі "ГАЗель" автокөлігіне қорадағы қойлар мен жылқыны артып, оқиға орнынан бой тасалайды. Тексеру барысында анықталғандай, мал қорасынан 71 қой, 4 бас жылқы ұрланған. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұл қылмыс екі тәулік ішінде ашылып, қылмысқа қатысты 6 азамат анықталып, ұсталды.

Олардың үстінен ҚР ҚК-нің 179-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдіктілердің барлығы да бұрын сотты болмаған. Оңтүстік Қазақстан облысының 1990, 1989, екеуі 1988 және 1984, 1979 жылы туған тұрғындары. 20-30 шамасындағы азаматтардың 5-еуі Шымкент қаласының, 1-еуі Сайрам ауданының тұрғындары.

Айғақзаттар ретінде 4 бетперде, 1 "ОСА" пистолеті алынды. Ұрланған 71 бас қой мен 4 бас жылқы заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да екі қылмысқа қатыстылығы анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны