16.03.2010, 17:36 2949

Оңтүстік Қазақстан облысында сақтандыру компаниясы бөлімшесінің директорына 14,7 млн теңге ұрлады деген айып тағылуда

Оңтүстік Қазақстан облысында сақтандыру компаниясы бөлімшесінің директорына 14,7 млн теңге ұрлады деген айып тағылуда

Шымкент. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында 14,7 млн теңге ұрлады деген айыппен сақтандыру компаниясы бөлімшесінің директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, филиалдың бұрынғы директоры клиенттерден келіп түскен 14 млн 700 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 176-шы бабы (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны