05.07.2007, 10:26 2450

Оңтүстік Қазақстан облысында салық қызметінің маманы пара алу үстінде құрықталды

ШЫМКЕНТ. 5-шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында салық қызметінің маманы пара алу үстінде құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлан Тасқымбаев хабарлады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері беті ашылған заң бұзушылықтарды жасыру үшін дәмхана қожайынынан 20 мың теңге бопсалаған салық инспекторын ұстады", - деді Н. Тасқымбаев. Оның хабарлауынша, кәсіпкер әйел ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Шұғыл іздестіру шараларының барысында инспектор ақша алып жатқан сәтте ұсталды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ұсталған уақытша тергеу қапасында отыр, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабы, 2-ші тармағы бойынша (лауазым иесінің пара алуы) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны