30.10.2008, 17:45 2803

Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкент. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қазанында қаржы полициясына Созақ ауданының тұрғыны шағымдана келіп, облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығы оған өзінен ертеректе алған 120 мың теңге көлеміндегі параны қайтарып бергенін хабарлаған.

"Шағымданушының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығы 2006 жылы одан Созақ аудандық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау бөлімінің бастығы қызметінде қалдыру үшін 5 мың доллар көлемінде пара беруді талап еткен. Сол кезде шағымданушы оған талап етілген соманың бір бөлігі - 120 мың теңгені берген. Алайда, ол қалған ақшаны тауып бере алмауға байланысты басқарма бастығы оны қызметінен босатқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны