25.05.2009, 15:25 2976

Оңтүстік Қазақстан облысында шекаралық "Мақтаарал" теміржол өткізу бекеті жабылды

Оңтүстік Қазақстан облысында шекаралық "Мақтаарал" теміржол өткізу бекеті жабылды

Шымкент. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар "Мақтаарал" шекаралық өткізу бекетінде теміржол қатынасын жапты. Бұл туралы "Жетісай" станциясының төрайымы Сәуле Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сәуле Ибрагимованың айтуынша, теміржол қатынасы кешеден бері жабылған.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасындағы сенімдлі ақпарат көзінің хабарлауынша, өткізу бекеті заңгерлік келіспеушіліктерге байланысты жабылған. ""Мақтаарал" шекаралық өткізу бекеті Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісімге сәйкес өткізу бекеттерінің тізіміне енгізілмей қалған. Қазір үкіметтік комиссия барлық өткізу бекеттерінің дұрыс рәсімделгендігін зерттеп жатыр", - деп хабарлайды ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны