19.01.2010, 14:55 3197

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар итмұрын ұрығының контрабандасына тосқауыл қойды

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар итмұрын ұрығының контрабандасына тосқауыл қойды

Шымкент. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының сарыағаш ауданында шекарашылар итмұрынның ауқымды партиясы заңсыз алып шығуға бағытталған контрабандаға тосқауыл қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының ақпаратына сілтеме жасап.

"Оңтүстік" өңірлік басқармасының ақпаратына сәйкес, облыстың бір топ тұрғыны итмұрын ұрығы салынған қаптарды шекара арқылы алып өтуге әрекет жасаған.

"Шекарашылар жасағы күзет жұмыстары кезінде бір топ адамның шекара сызығы өтетін канал арқылы қаптарды өткізгелі жатқанын байқап қалған. Жасақтың шұғыл іс-әрекеттерінің нәтижесінде Қазақстанның 11 азаматы ұсталып, жалпы салмағы 1175 килограмм итмұрын салынған 47 қап тәркіленді", - деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Қазір бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны