15.01.2008, 16:42 2877

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар металл мен бөлме термометрлерінің контрабандасының жолын кесті

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар металл мен бөлме термометрлерінің контрабандасының жолын кесті

Шымкент. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ-өзбек шекарасында шекарашылар металдың ірі партиясы мен шамамен 5 мың бөлме термометрлерін тәркіледі, деп хабарлады тілшілерге ҚР ҰҚК "Оңтүстік" шекара қызметі аймақтық басқармасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Сарыағаш ауданының "Қапланбек" заставасының маңында үш қазақстандық Өзбекстан аумағындағы өздерінің сыбайластарына бөлме термометрлері салынған жәшіктерді бермекші болған. "Қазақстан азаматтарын шекара қызметі тұтқындады. Ал өзбекстандықтар қашып кетті. 4990 термометрі бар 10 жәшік тәркіленді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, жақында Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз 16 тонна қара металл енгізудің жолы кесілді. Жүкті Қазақстан нөмірі бар "КамАЗ" көлігінде алып келген.

"Көлік таңғы сағат алтыда шекарадан өткізу пункттерінен тыс жерде өтпек болған. Оларды "Дархан" заставасының шекара қызметі тұтқынға алды", - деп хабарлады "Оңтүстік" аймақтық басқармасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметіндегілер қазіргі уақытта екі жағдайда да тұтқындалғандар мен тәркіленген тауар Сарыағаш шекара қызметінің аумағында екендігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны