14.10.2009, 14:59 3353

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылардың МИ-8 тікұшағының құлауына экипаж кінәлі емес - комиссия қорытындысы

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылардың МИ-8 тікұшағының құлауына экипаж кінәлі емес - комиссия қорытындысы

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында шекарашылардың МИ-8 тікұшағының құлауына экипаж кінәлі емес. Бұл туралы бүгін Шымкентте Абай саябағындағы Даңқ ескерткішінің жанында өткен қаралы митингте ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Митингіге ҚР ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев, ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов, "Оңтүстік" өңірлік бсқармасының бсшылығы, әскерилер мен қаза тапқан шекарашылардың туыстары қатысты.

"Тікұшақтың апатқа ұшырау себептерін тексеріп жатын комиссияның шешіміне сәйкес, экипаж дұрыс әрекет еткен, олар тарапынан апатқа алып келген қателіктер болмаған. Біз түпкілікті қорытындыны бермейміз, бірақ бұл жерде табиғи жағдайлар рөл атқарған", - деді К. Бекназаров.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған оқыс оқиғаның себептері әлі де тексеріліп жатыр. "Түпкілікті қорытынды таяу уақыттарда шығарылады", - деді К. Бекназаров.

Митинг кезінде мәлім болғанындай, қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек беріледі.

Сондай-ақ, митингте апат кезінде тікұшақ борында болған әскерилерді марапаттау туралы бұйрық оқылды.

Полковник Зәкиев Руслан Илимолдаұлы; майор Сұлтанбеков Дәулетбек Кемалбекұлы; капитан Өтегенов Алмас Беркінұлы марқұмдар ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен прапорщик Айбек Жөтеков марапатталды.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен келісімшарт қызметінің старшинасы Ибуов Айдос Андешұлы; ұшқыш -штурман, лейтенант Ержас Бекпенбетов; аға борттық авиациялық техник, капитан Арман Бұқпантаев; келісімшарт қызметінің старшинасы Серіккали Жолдасов; аға сержант Рүстем Қасымханов; майор Мәткәрімов Ілия Райымұлы; келісімшарт қызметінің сержанты Ерлан Махмұдов; келісімшарт қызметінің кіші сержанты Нұрбол Мусаханов; келісімшарт қызметінің кіші сержанты Бауыржан Сұлтанов марапатталды. Е. Махмудов пен Е. Бекпенбетов апаттан аман қалған.

Сондай-ақ, митинг кезінде қаза тапқан әскерилерге арнап тұрғызылатын келешек ескерткіштің іргетасы қаланды.

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты "Ми-8" тікұшағының Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданы аумағындағы Өгем шатқалында апатқа ұшырау салдарынан он шекарашы қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны