12.05.2011, 18:22 3450

Оңтүстік Қазақстан облысында Тараз қаласының тұрғыны бір килограмнан астам есірткімен қолға түсті

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-істестіру шараларын жүргізу кезінде 53 - жастағы Тараз тұрғынын тексерген. Тексеру нәтижесінде күдіктінің киімінің астынан денесіне скочпен жапсырылған есірткіге ұқсас зат табылған. Сараптама нәтижесі бойынша, алынған зат бір килограмнан аса салмақтағы "героин" болып шыққан", - делінген хабарламада.

Астана. 12 - мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында Тараз қаласының тұрғыны бір килограмнан астам есірткімен қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-істестіру шараларын жүргізу кезінде 53 - жастағы Тараз тұрғынын тексерген. Тексеру нәтижесінде күдіктінің киімінің астынан денесіне скочпен жапсырылған есірткіге ұқсас зат табылған. Сараптама нәтижесі бойынша, алынған зат бір килограмнан аса салмақтағы "героин" болып шыққан", - делінген хабарламада.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 259 бабы бойынша (есірткі және психотропты заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, басқаға беру немесе қолдану) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ қамауға алынды.

Күдіктінің айтуы бойынша, оған есірткі затты "Нұрлан" деген азаматқа апарып берсе бес мың теңге береміз деп уәде берген. Ұсталған адам бұрын сотталмаған, ешқандай жерде жұмыс істемейді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны