26.02.2009, 18:07 3540

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары медициналық халаттар сататын дүкенде психотроптық заттарды сатып жүрген әйелді ұстады

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары медициналық халаттар сататын дүкенде психотроптық заттарды сатып жүрген әйелді ұстады

Шымкент. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары медициналық халаттар сататын дүкенде психотроптық заттарды сатып жүрген әйелді ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс шаралар жүргізу барысында, Ташенов көшесінің бойында орналасқан орталық базардың қасында медициналық халаттар сататын дүкеннің ішінде, Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны төрт ампула "Брюзепам" психотроптық затын заңсыз екі мың теңгеге сату кезінде ұсталды.

Ұсталған азаматшаның жеке сөмкесін қарау кезінде, бес жүз теңгелік екі дана жалпы сомасы мың теңге тәркіленді. Осы тәркіленген ақшаларды қарау кезінде "сбыт" деген жазу және арнайы ұнтақ іздері анық байқалды. Дүкеннің қоймасын қарау кезінде алты дана "Брюзепам" ампуласы, жеті дана "Натрий оксибутират" ампуласы және он дана "фенобарбитал" дәрілері тәркіленді. Сонымен қатар, осы дүкеннің қоймасындағы тәркіленген 69 қорап әр түрлі дәрі дәрмектердің тізімін түзу барысында 13 дана "Брюзепам" ампуласы, бес дана "Реланиум" ампуласы, бір дана "Реланиумның" сынық ыдысы, 17 дана "Натрий оксибутират" ампуласы және 10 "он" таблетка "фенобарбитал" дәрілері тәркіленді.

Жоғарыда көрсетілген дәрі-дәрмектердің тізімі 1695 түрлі болды. Жалпы сомасы 1 млн 883556 теңгені құрады. Кейбір дәрі-дәрмектердің қораптарына "бесплатно", "тегін" деп, бірнеше ауруханалдардың мөрлері басылған.

Қазіргі кезде ұсталған азаматшаның үстінен ҚР ҚК 259 бабы "есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны