02.09.2009, 13:53 2726

Оңтүстік Қазақстан облысында тауарлар мен валюта контрабандасының жолы кесілді

Оңтүстік Қазақстан облысында тауарлар мен валюта контрабандасының жолы кесілді

Шымкент. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында шекарашылар кеше тауарлар мен валюта контрабандасының жолын кесіп, жүзім және тері-терсек партиясын ұстап, ірі көлемде өзбек сомын тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Өзбекстаннан келе жатқан жүк пойызының машинисі Сарыағаш бекетіне жетпей кестені бұзып, құрамды тоқтатқан, ал жүктердің шекаралық және кедендік тексерулері Сарыағашта жүргізілуге тиіс. Сөйтіп машинист вагоннан жүзім салынған жәшіктер мен ірі қара малдың тері бумаларын түсіре бастаған. "Шекарашылар жасағының жақындап қалғанын көрген контрабандашылар тауарларын тастап тұра қашқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 тонна 800 килограмм жүзім мен 650 тері тәркіленген.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, машинистің кабинасынан Қырғызстан азаматы ұсталды, ол пойыз бригадасының мүшесі болып табылмайды. Одан 7 млн 200 мың өзбек сомы тәркіленді.

"Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде, ұсталған Қырғызстан азаматының қашып кеткен контрабандашыларға қатысы бар-жоқтығы анықталуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны