08.11.2016, 20:04 4172

Оӊтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік жылдарында 491 жаӊа мектеп, 1491 мектепке дейінгі ұйым, 347 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді

Оӊтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік жылдарында 491 жаӊа мектеп, 1491 мектепке дейінгі ұйым, 347 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Меніӊ елім - Мәӊгілік Ел" республикалық жастар акциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті Икімшілігі Басшысыныӊ орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары - хатшылық меӊгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА және аймақтық ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарыныӊ жетекшілері мен студенттер сынды жалпы саны 5 мыӊнан астам азамат қатысты.

Акцияда түрлі өнерлі жастар концерттік бағдарламалар ұсынса, этномәдени бірлестіктердіӊ әншілері Шәмші әндерінен поппури орындады. Салтанатты кездесуде сөз алған өӊір басшысы, облыстық ҚХА төрағасы Ж.Түймебаев ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктіӊ бастауы болған Қазақстанныӊ Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне шолу жасап, бірқатар салалардағы жұмыстарға тоқталды.

"Тәуелсіздік жылдарында облыстыӊ экономикалық әлеуеті көтеріліп, халық саны 1 миллион тұрғынға көбейді. Өнім көлемі 90 жылдардағы 40 млрд. теӊгеден, 2015 жылы 2,5 трлн. теӊгеге артты. Өӊір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 3,3 трлн. теӊгеге жетті. Білім беру саласында 491 жаӊа мектеп, 1491 мектепке дейінгі ұйым, 347 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. 9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыӊнан астам отбасы баспаналы болды", - деді Ж.Түймебаев.

Акция барысында "Мәӊгілік ел жастарыныӊ жетістіктері - Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына" - "Достижения молодежи "Мәӊгілік Ел" к 25-летию Независимости Республики Казахстан" кітабы салтанатты түрде облыс жастарына тапсырылды. Кітапта Тәуелсіздік жылдары жастардыӊ қол жеткізген жетістіктері, өӊірлерде оларға жасалған қамқорлықтар, сонымен қатар, "Мәӊгілік Ел" Патриоттық идеясыныӊ біріктіруші рөлін және өӊірлердегі жастардыӊ ел Президенті - Ұлт көшбасшысына қолдауын көрсететін үндеулері жазылған.

Үндеуде республика жастары Елбасы басшылығымен қол жеткізілген жетістіктер, оныӊ шешуші факторы - бейбітшілік пен келісім болғанын жазып, Президенттіӊ бастамаларын қашан да қолдауға дайын екендіктерін білдіреді.

Айта кету керек, осы жылдын 4 қарашасында Талдықорғаннан бастау алған "Меніӊ елім - Мәӊгілік Ел" республикалық жастар акциясы Алматыдан соӊ, үшінші болып, біздіӊ облысымызда ұйымдастырылуда.Үш миллионға жуық тұрғыны бар Оӊтүстік Қазақстан облысы тұрғындарыныӊ 30 пайызын жастар құрайтын болғандықтан аталған шара жоғарғы денгейде өтті. "Меніӊ елім - Мәӊгілік Ел" республикалық жастар акциясы келесі кезекте Жамбыл облысында өтетіндіктен Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына" - "Достижения молодежи "Мәӊгілік Ел" к 25-летию Независимости Республики Казахстан" кітабын еліміздіӊ мақтанышы олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен Назарбаев зияткерлік мектебініӊ белсенді оқушысы Берікболсын Сүлейменов салтанатты түрде табыс етті. Еліміздіӊ барлық аймақтарында өтетін акция 28 қарашада Астанада қорытындыланып, мәресіне жетпек.

Еске салайық, Оӊтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкілдері өмір сүреді. Облыс бойынша 20 этномәдени бірлестік, ал қалалар мен аудан орталықтарында олардыӊ 51 филиалы қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Этномәдени бірлестіктер жанында 11 жексенбілік мектептер, ақсақалдар кеӊестері мен жастар қанаттары жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны