09.12.2016, 10:44 4593

Оӊтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған "Қазақстанда жасалған" тауар өндірушілердіӊ көрмесі өтуде

Екі күнге жалғасатын шарада өӊірдегі жеӊіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларыныӊ 70-тен астам кәсіпорындарыныӊ отандық өнімдері қойылды.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған "Қазақстанда жасалған" тауар өндірушілердіӊ көрмесі өтуде, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Екі күнге жалғасатын шарада өӊірдегі жеӊіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларыныӊ 70-тен астам кәсіпорындарыныӊ отандық өнімдері қойылды.

Отандық тауар өндірушілер көрмесіне облыс әкімі Ж.Түймебаев және "Туған жерді түлету - перзенттік парыз!" атты шарасына қатысушылар - ҚР Парламенті депутаттары, орталық органдар мен ұлттық компаниялар, мәдениет қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша қатысушыларды Егемендігіміздіӊ 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ширек ғасырда өӊірдіӊ жеткен жетістіктерін баян етті.

"Жалпы, әлемдік дамудыӊ күрделі кезеӊдеріне қарамастан, Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ көрегендікпен жүргізіп жатқан дана саясаты арқасында, тарихы қысқа мерзімде еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамып, әлемніӊ бәсекеге қабілетті елу елдіӊ қатарына енді. Оныӊ ішінде, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жетістіктері де орасан. Мәселен, 25 жыл ішінде жалпы өӊірлік өнім 1,5 млрд.теӊгеден 2,5 трлн. теӊгеге дейін өссе, ондағы өнеркәсіптіӊ үлесі 15 пайыздан 28 пайызға дейін артты. Осы қарқын ағымдағы жылы да сақталып, 10 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 643,1 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндірілді",- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Биыл Оӊтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өнімдерін өндіруде өсу қарқыны бойынша республикада 3-ші орынды иеленген. Сондай-ақ, облыста тоқыма, мұнай өӊдеу, машина жасау, фармацевтика, медициналық құрылғылар жасап шығару, құрылыс материалдары және басқа да саларда жаӊа өнім түрлерін өндіру қолға алынған.

Бүгінгі көрменіӊ маӊызы ерекше. Мұнда облыс тауар өндірушілерініӊ жетістіктері паш етіліп, тұтынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік тумақ.

Көрмеде әлемдік стандарттарға сай келетін кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері, трансформаторлар, су сорғылары, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері сынды облыстыӊ тауар өндірушілері өз өнімдерін жұрт назарына ұсынуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны