09.12.2016, 10:57 5130

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Туған жерді түлету - перзенттік парыз!" шарасы өтті

Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер майталмандары және кәсіпкерлер сияқты түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ден астам азамат қатысты.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Туған жерді түлету - перзенттік парыз!" салтанатты кездесуі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер майталмандары және кәсіпкерлер сияқты түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ден астам азамат қатысты.

Тәуелсіздік тойында қастерлі Оӊтүстіктіӊ төрінде меценаттармен бас қосып, ортақ істі бірлесе жоспарлауды мақсат тұтқан өӊір басшысы табанын жерге, арқасын елге тіреген азаматтарымыз әр қиырда аянбай еӊбек етіп, абыройға бөленіп жүргенін облыс жұртшылығы мақтан ететінін жеткізді.

"Татулық пен тұрақтылықты ту еткен Қазақ елініӊ ендігі мақсаты - әлемде дамыған отыз елдіӊ арасынан өз орнын табу. Бұл жолда Елбасыныӊ жанқиярлық ерлігіне ел болып бірлесіп қолдау білдіруіміз қажет. Сондықтан да қасиетті Тәуелсіздіктіӊ тойында ел перзенттерініӊ басын қосып, ортақ ісімізді ойласып алуды көздеп отырмыз. Ұлт көшбасшысы бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде жиі айтып, мемлекетті өркендету мақсатына лайықты үлесін қосқан кәсіпкерлерді назарынан тыс қалдырған емес. Бүгінгі басқосуымыз да Президент әкімшілігініӊ тікелей қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ендеше "Туған жерді түлету - перзенттік парыз" деп аталатын жиынымызға қош келдіӊіздер!", - деді Ж.Түймебаев.

Сонымен қатар, облыс басшысы барша жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, аймағымыздыӊ өркендеп, дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген кәсіпкерлерге "Облысқа сіӊірген еӊбегі үшін" төсбелгісі мен облыс әкімініӊ Алғыс хатын тапсырды.

Салтанатты шарада туған жерді түлету туралы толғаныстары мен пікірлерін ортаға салған жерлестеріміз елге қызмет ету, туған өлкеге қамқорлық жасау - перзенттік борыштары екенін атап өтті. Мәселен, Қазақстанныӊ халық әртісі Сәбит Оразбай, жазушы, драматург Дулат Исабеков, Мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенко, "Атакент" корпорациясыныӊ төрағасы Халық Абдуллаев, "Қазатомпром" Ұлттық атом компаниясы басқарма төрағасыныӊ кеӊесшісі Болат Жылқышиев, ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаты Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Байділдә Жылқышиев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиевалардыӊ жан тебірентерлік сөздері, елді, өӊірді көркейтудегі ұсыныстары жиналған көпшіліктіӊ көкейіндегісін дөп басты. Ал меценат, кәсіпкерлер Серікжан Сейітжанов, Дінмұхаммед Ыдырысов, Бахриддин Ибіләзімов, Қайрат Молдасейітовтер таяу арада өӊірімізде өздерініӊ бастамаларымен салынатын түрлі әлеуметтік нысандардыӊ жай-жапсарынан хабар берді.

Оӊтүстіктіӊ өзгелермен салыстырғанда даму мүмкіндігі мол. Климаты, топырағы, халқы, табиғаты бәрі-бәрі өз үйлесімін тауып тұр. Енді тек нағыз іскер азаматтар бейтарап қалмай, бірігіп аймақтыӊ дамуына күш салуы керек деп, өӊір жанашырларын бірлесе жұмыс істеуге шақырған облыс әкімі туризм, ауыл шаруашылығы салаларында іске асырылатын бірқатар жобалармен бөлісті.

Мәселен, әкім көне Түркістан қалашығын жаӊғырту бойынша эскиздік жоба әзірленгенін айтып, Қ.А.Яссауи кесенесініӊ аумағын абаттандыру жоспарланғанын жеткізді. Өӊірімізді көркейтудегі жобалардыӊ қатарына "Сарыағаш" курорты аумағын кеӊейтіп, халықаралық деӊгейге көтеру, Шардарада жағажай туризмін дамыту мақсатында Шардара су қоймасы аумағында демалыс аймақтарын орналастыру үшін инвесторлар тарту, облыс аумағында тау-шаӊғы туризмін дамытуға бағытталған халықаралық стандарттарға сай "Қасқасу" туристік рекреациялық кешенін іске асыру, өндірістік жылыжайларды көбейту, Шымкент қаласын дамыту сынды жоспарлар да бар.

Салтанатты кездесу соӊы "Туған жерді түлету - перзенттік парыз" басқосуына қатысушыларыныӊ үндеу қабылдауына ұласты. ҚР Еӊбек сіӊірген өнер қайраткері Нұрлан Өнербаев оқыған жүрекжарды сөзде Оӊтүстіктіӊ мол мүмкіндіктерін пайдаланып, елдіӊ еӊбексүйгіштігін еселей түсу үшін неғұрлым жаӊа ұмтылыстар мен жарқын құлшыныстар қажеттігі айтылған. Сонымен бірге, үндеуді қабылдаушылар Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ, шырайлы Шымкент шаһарыныӊ, түркі дүниесініӊ текті төрі саналатын Түркістанныӊ, сондай-ақ, Сайрам, Отырар, Созақ, Бәйдібек, Арыс, Ордабасы, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Төле би, Түлкібас аудандарыныӊ керемет көркейіп-гүлденуі үшін бәріміз бірлесе көмектесуге тиістігімізді айтып, еліміздіӊ түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шетелдерде, өӊіріміздіӊ өзінде еӊбектеніп жүрген барлық түлектерді - мемлекет және қоғам қайраткерлерін, алуан түрлі салалардағы басшыларды, бизнес өкілдері мен күллі кәсіпкерлерді, ғалымдарды, ақын-жазушыларды, суретшілерді, өзге де өнер қайраткерлерін, өз өлкесін, қаласын, аудан-ауылын перзенттік махаббатпен сүйетін, тереӊ тебіреніспен құрметтейтін барлық азаматтарды туған жерді түлетуге шынайы ниетпен, ақ пейілмен, перзенттік ықыласпен жәрдемдесуге шақырды.

Егемендіктіӊ ширек ғасырлық тойына арналған торқалы той Оӊтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерініӊ концертімен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны