29.05.2009, 13:37 1437

Оңтүстік Қазақстан облысында түзету мекемесінің қызметкері мен екі сот үкімін орындаушы пара алды деген күдікпен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында түзету мекемесінің қызметкері мен екі сот үкімін орындаушы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері ИЧ 167/2 түзету мекемесінің оперативтік уәкілі мен екі сот үкімін орындаушыны пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайрам ауданының Турдыабад кентінде ОҚО ҰҚКД оперативтік-тергеу тобы ИЧ 167/2 түзету мекемесінің оперативтік уәкілі, әділет саласының аға лейтенантын алаяқтық жолымен 750 мың теңге көлеміндегі ақшаны алғаннан кейін ұстады. Ол ақшаны күйеуі 13 жылға бас бостандығынан айрылған әйелден оны шартты түрде мерзімінен босатып беру үшін алған.

"Қылмыстық істі тексеру барысында әділет саласының аға лейтенантының өтінуші әйелді 10 мың доллар көлемінде ақша беруге итермелеп, шартты түрде мерзімінен босатып беру мәселесін түзету мекемесінің басшысымен бірлесе шешілетіндігін алға тартқаны анықталды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жиналған материалдардың негізінде ҰҚКД тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағының "б", 2-тармағының "в" тармақшасы, 312-бабының 2-тармағы, 28-бабының 4 -тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, ОҚО ҰҚКД қызметкерлері Шымкентте $300 көлемінде пара алу үстінде Абай аудандық сот үкімін орындаушылар бөлімінің сот үкімін орындаушысын және осы бөлімнің бастығы міндетін уақытша атқарушыны ұстады. Ақшаны олар Абай аудандық сотының қала тұрғынына тиесілі заңсыз салынған гаражды бұзу туралы шешімін орындауды кейіндете тұру үшін алған.

Бұл дерек бойынша ОҚО ҰҚКД Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "б" тармақшасына сәйкес қозғады.

"Ұсталғандар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың бәрі де ОҚО ҰҚКД тергеу абақтысында отыр", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны