24.09.2009, 17:12 3128

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз ителгі аулаған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз ителгі аулаған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды

Шымкент. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының тәртіп сақшылары заңсыз ителгі аулаған Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Аудандық полиция бөліміне Қапшағай көлінің маңында заңсыз құстар аулап жүрген ер азамат туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына аудандық Ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру тобы келіп жетті. Полиция қызметкерлері құс аулап жатқан жерінен облыс орталығының 47 жастағы тұрғынын анықтап ұстады. Оның көлігінен полиция қызметкерлері ителгі тәркіледі.

Бұл Қызыл кітапқа енген, өте сирек кездесетін құс. Бүгінгі таңда республика бойынша небәрі 150 жұп ителгі бар, оларға құрып кету қаупі төніп тұр. Сирек кездесетін құсты заңсыз аулағаны үшін мемлекетке үш миллион теңгеге жуық шығын келтірілді.

Қазіргі таңда 1962 жылы туған күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 290 бабы "Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс- әрекеттер" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны