30.12.2008, 17:07 2765

Оңтүстік Қазақстан облысында Жанармай тарату станциясына тонаушылық жасаған күдіктілер 30 минутта ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Жанармай тарату станциясына тонаушылық жасаған күдіктілер 30 минутта ұсталды

Шымкент. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Оңтүстік Қазақстан облысында Жанармай тарату станциясына тонаушылық жасаған және автокөлікті айдап әкеткен күдіктілер 30 минутта ұсталды, олар Шымкент тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жуырда Төле би аудандық ІІБ кезекші бөліміне Ленгер - Алатау тас жолының бойындағы Жанармай тарату станциясында істейтін бір тұрғын шағымдана келді. Ол белгісіз үш адамның өзіне күш қолдану арқылы 60 мың теңгесін иемденіп алғанын және "Опель-Вектра" көлігімен іздерін жасырғанын жеткізді",- деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі , подполковник Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыста бірден "Құрықтау" жоспары жарияланды.

"Хабар таратылғаннан 30 минуттан кейін көлік бір көшеде тоқтатылды. Көлікте отырған үш адам Төле би аудандық ІІБ жеткізілді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері Шымкент тұрғыны болып табылатын екі ұсталғанның автокөлікті ұрлап әкетіп, оның жүргізушісін өздерімен бірге күшпен алып жүргенін анықтады. Жүргізушінің тонаушылыққа қатысы жоқ жолып шықты", -деді С. Қаракөзова.

"Қазір екі азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 178-ші және 185-ші баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізілуде", - деді С. Қаракөзова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны