26.02.2018, 17:31 4678

Оӊтүстік Қазақстан облысында жергілікті бюджеттіӊ кірістері 17,4 пайызға артқан

Айта кетерлігі, өткен жылы бюджет шығыстарыныӊ 62,8 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Мәселен 2016 жылмен салыстырғанда білім беру саласына бөлінетін қаржы - 23 млрд. теӊгеге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға - 13,2 млрд. теӊге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеӊістiк саласына қаралатын қаржы - 7 млрд.теӊгеге артып отыр

Шымкент. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында өткен жылы жергілікті бюджеттіӊ кірістер жоспары 103,4 пайызға орындалып, 4 млрд.теӊге қаржы артық түсті. Нәтижесінде жергілікті бюджеттіӊ кірістері 2016 жылдыӊ қорытындысымен салыстырғанда 17,4 пайызға артқан. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы Абдрахман Тасыбаев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, облыс бойынша 2017 жылы мемлекеттік бюджеттіӊ кірістер жоспары 102,1 пайызға орындалып, жоспардан тыс 6,5 млрд. теӊге қосымша кірістер түскен. Сондай-ақ, былтыр республикалық бюджет 101,3 пайызға орындалып, 2,5 млрд. теӊге артық түсіп отыр.

Бұдан бөлек, ҚР Үкіметімен бекітілген Жекешелендірудіӊ 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес, облыстық және аудандық, қалалық коммуналдық меншіктегі 21 нысанныӊ 13-і электронды сауда-саттыққа қойылып, оныӊ 10-ы жалпы 557,63 млн. теӊгеге сатылған.

"Сегіз нысан электронды сатылымға шығарылып, оныӊ 7-і кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға жалпы 12183,7 млн.теӊгеге берілді. Облыстық коммуналдық мүлікті сату бойынша былтыр 2016 жылмен салыстырғанда жергілікті бюджетке 204 млн.теӊге артық түскен", - деді Абдрахман Батырбекұлы.

Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ 2017 жылы сәуір айында облысқа жасаған сапары кезіндегі тапсырмасына сәйкес, салық салу базасын кеӊейтуге және жергілікті бюджеттердіӊ түсімдерін ұлғайту бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, облыс бюджеті қосымша 16,8 млрд.теӊгеге ұлғайтылып, жалпы 124,4 млрд.теӊгені құрады.

Айта кетерлігі, өткен жылы бюджет шығыстарыныӊ 62,8 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Мәселен 2016 жылмен салыстырғанда білім беру саласына бөлінетін қаржы - 23 млрд. теӊгеге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға - 13,2 млрд. теӊге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеӊістiк саласына қаралатын қаржы - 7 млрд.теӊгеге артып отыр.

2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша облыстық коммуналдық меншіктегі тұрғын емес жайды жалға беруде 354 келісім-шарт түзіліп, нақты бюджетке 54,7 млн. теӊге түсім түскен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 22,7 млн. теӊгеге артқандығын көрсетіп отыр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны