Система Orphus

Оӊтүстік Қазақстан облысында жоғары оқу орындарын үздік бітірген 50 жас маманнан тұратын "Кадрлардыӊ алтын резерві" жасақталды

21.09.2016, 14:03 4058

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында жоғары оқу орындарын үздік бітірген 50 жас маманнан тұратын "Кадрлардыӊ алтын резерві" жасақталды. Бұл туралы бүгін Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Білікті жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында облысымыздыӊ жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектер арасында іріктеу жүргізіліп, 50 жас маманнан тұратын "Кадрлардыӊ алтын резерві" жасақталды,- деді облыс әкімі.

Өӊір басшысыныӊ айтуынша, сондай-ақ, облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою бойынша "Ашық әкімдік" қызметі ашылды.

Сонымен қатар, ашық ақпараттар толығымен "Ашық деректер", барлық қаулы жобалары "Ашық Нормативті Құқықтық Актілер", ал шоғырландырылған бюджеттік есептер мен бюджет жобалары "Ашық бюджет" порталдарында жариялануда.

"Өздеріӊізге белгілі мемлекеттік қызметке кірудіӊ ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында, республикада алғашқы болып облыс әкімі аппаратында бірыӊғай конкурстық комиссия құрылып, осы конкурстар арқылы 73 адам мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданды",- деді Б.Атамқұлов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны