13.02.2007, 10:47 2588

Оңтүстік Қазақстан облысында жол полициясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

ШЫМКЕНТ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жол полициясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі журналистерге хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы болып полковник Мейрамбек Шәкенов тағайындалды. Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасын басқарған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД жол полициясы басқармасының бұрынғы бастығы Сырым Абдуллаев Шығыс Қазақстан облысына осындай қызметке ауысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны