05.01.2018, 17:08 6150

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы 20 елді мекенде қызметтік тұрғын үйдіӊ құрылысы басталады

Он пәтерден болатын екі қабатты типтік үлгідегі тұрғын үйлердіӊ құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мақсаттағы тұрғын үйлерге облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теӊге көлемінде қаржы бөлініп отыр.

Шымкент. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today -Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаевтыӊ тікелей бастамасы бойынша биыл өӊірде қызметтік 20 тұрғын үйдіӊ құрылысы басталмақ. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасымен салынатын тұрғын үйлер өӊірдегі тоғыз ауданныӊ 20 елді мекенінде бой көтеретін болады.

Он пәтерден болатын екі қабатты типтік үлгідегі тұрғын үйлердіӊ құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мақсаттағы тұрғын үйлерге облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теӊге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Аталған баспаналар мұғалімдер мен медицина және жергілікті полияция қызметкерлеріне, тағы басқа да бюджет саласында еӊбек ететін азаматтарға үлестірілмек.

Еске салсақ, өткен жылы аймақ басшысы жаӊа оқу жылы басталған уақытта мұғалімдер мен медицина саласыныӊ қызметкерлерін қызметтік пәтермен қамту үшін барлық аудан, қалалардан типтік үлгідегі тұрғын үйлер салуды қолға алуды тапсырған болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді құрылыс басқармасына жүктеген.

Бүгінде жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, басқарма тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Айта кетейік, аталған тұрғын үйлер аудан мен қаладағы 20 елді мекенде, яғни, Түлкібаста -3, Төлебиде -1, Отырар -2, Бәйдібек -2, Шардара -2, Созақта -2 және Арыста -2, Кентауда -3, Түркістанда -3-еуі салынады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны