18.03.2008, 12:54 3176

Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны зардаптарын жоюға 9,348 млрд теңге қажет

Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны зардаптарын жоюға 9,348 млрд теңге қажет

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны зардаптарын жоюға 9,348 млрд теңге қажет, бүл туралы бүгін үкіметтің отырысында ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник хабарлады.

В. Школьниктің мәліметтері бойынша, су тасқынынан 2346 үй бұзылып, оның 1478 пайдалануға жарамсыз болып шықты. 457 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Судың ішінде қалған 9 мектептің екеуіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қалған жетеуі бұзылуы тиіс. Денсаулық сақтау саласының 6 нысаны судың ішінде қалды. Сондай-ақ, бір кітапхананың қабырғалары құлады. 106 шақырымдық электр тарату желілері істеп шығып, 20 трансформатор бөлемшесін қалпына келтіру керек. 12 шақырымға созылып жатқан газ құбыры, 107 шақырым көлік жолы, 59 көпір, 270 дренаждық желі қирады.

"2346 от басына егіндік жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету үшін несие ретінде қаржылық көмек көрсету керек ", -деп толықтырды В. Школьник.

Оның сөздері бойынша, "1965 үйдің құрылысына, жөндеу жұмыстарына, сейсмиканы күшейтуге 6 млрд 236 млн теңге қажет екендігі анықталды". " Салынатын жеті мектепті Оңтүстік Қазақстан облысының 2008 жылғы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасына сәйкес бөлінетін қаржы есебінен салу керек ", - деп есептейді министр. ҚР Индустрия және сауда министрі айтқанындай баспаналарға жөндеу жұмыстарын жасап, үй иелеріне көмек көрсету үшін 315,8 млн теңге керек.

"Су тасқыны зардаптарын жоюға 9 млрд 348 теңге қажет. Мәселен, екі мектептің сейсмикасын күшейтіп, оның күрделі жөндеу жұмыстарына 852 млн теңге, 1478 үй құрылыстарына 5,5 млрд теңге, 457 үйді жөндеу жұмыстарына 678 млн теңге қажет. Денсаулық сақтау, мәдениет және инфрақұрылымдық жұмыстарға 1,8 млрд теңге жұмсалуы керек, ал ауыл шаруашылық жұмыстарына несие ретінде 469 млн теңге бөліну керек ", - деп атап өтті В. Школьник.

Оның сөздері бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны зардаптарын жоюға үкіметтің қоры есебінен 3 млрд теңге бөлінетін болса, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары есебінен -2,4 млрд теңге, "Самұрық" АҚ- 790 млн теңге,"Қазатомпром" ҰАК-нан 200 млн теңге бөлінетін болады. Ал көктемдік егіндік жұмыстарын "ҚазАгро" есебінен жүргізу ұсынылып отыр. Денсаулық сақтау , мәдениет және инфрақұрылымды қалпына келтіру және тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары жергілікті облыстық қаржы есебінен жүргізілетін болады ", - деп хабарлады В. Школьник.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің тиісті қаулысын дайындауды тапсырды. "Соңғы мерзім - жұма күні, екінші күннің жартысында тиісті қаулыға қол қойылуы тиіс. Ал ақша мереке күндері өткеннен кейін, бірінші жұмыс күні бөлінуі керек ", - деп тапсырма берді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны