30.10.2016, 00:08 4289

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Франция өкілдеріне өӊірдіӊ инвестициялық мүмкіндіктерін, ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы жетістіктерін баяндады

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кеше Францияныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Франсис Этьен бастап келген бір топ делегаттармен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 29 қазан. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кеше Францияныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Франсис Этьен бастап келген бір топ делегаттармен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өӊір басшысы шетелдік қонақтарға Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ инвестициялық мүмкіндіктері мен ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктерін және туризм бағытындағы жұмыстарды мәлімдеді.

Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы халқы көп шоғырланған аймақ екенін айтқан ол келер жылы Шымкент қаласыныӊ халқы 1 миллионға жететінін мәлімдеді. Сонымен қатар, облыста ірі уран өндіруші кәсіпорындар мен мұнай өӊдеу зауыты бар екенін және облыс көкөніс пен жеміс кластерініӊ орталығы болып табылатынын жеткізді. Ташкентпен шекаралас жатқан аудандарда қауын-қарбыз өсіріліп, шетелге, оныӊ ішінде, Германияға экспортталып отырғанын айтты.

Сондай-ақ, индустрия саласын дамытуда облыс республикада көш бастайтынын xабарлаған әкім өӊірде бүгінде 7 индустриялық және 1 арнайы экономикалық аймақтыӊ жұмыс істеп тұрғанын атап өтіп, онда жеӊіл және ауыр өнеркәсіп орындары мен тоқыма фабрикалары сәтті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Өз кезегінде Елші Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас жыл сайын дамып келетінін айтып, туризм, индустрия және білім бағыттарында әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, мәртебелі мейман Оӊтүстік Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тығыз байланыс орнату мақсатында Франциядағы түрлі сала мамандарыныӊ өкілдерімен арнайы келгенін жеткізді.

Кездесу барысында Франсис Этьен Қазақстан Франциямен қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында барлық жағдайды жасап отырғанын, яғни бұған дейін виза ұзақтығы 15 күн болса, келер жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап 30 күнге ұзартылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Францияға қысқа уақытқа келуші қазақстандықтар үшін визасыз мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын жеткізді.

Жиын соӊында өӊір басшысы Қазақстан мен Франция күндеріне байланысты сол елдіӊ өнерпаздары мен кәсіпкерлерін Оӊтүстік Қазақстан облысында көргісі келетінін және осы күндер аясында француздық тауарөндірушілердіӊ көрмесін ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, әкім мектеп пен жоғары оқу орындарыныӊ мұғалімдерін аталған елге тәжірибе алмасуға жіберу жайын қарастыратынын айтты.

Жұмыс сапары екі күнге жалғасатын франциялық делегаттарға облыстыӊ инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, бірқатар туристтік және тарихи орындарға ақпараттық саяхат ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны