04.10.2016, 08:46 4438

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі инвестиция тарту мақсатында Иран елшісімен кездесті

Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Иран компанияларын әріптестікке шақырды.

Шымкент. 4 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов кеше инвестиция тарту мақсатында Иран Ислам Республикасыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мотжтаба Дамирчилмен кездесті, деп хабарлайды Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесуде қос тарап екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мен іскерлік байланыс орнату мәселелерін және Қазақстанда жасалмайтын тауарларды өндіру мақсатында біріккен кәсіпкерлік құру жайын талқылады.

Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Иран компанияларын әріптестікке шақырды.

Мұнан соӊ, облыс әкімі мен елші Иранныӊ Хорасан облысыныӊ кәсіпкерлері ұйымдастырған тауар өндірушілердіӊ көрмесіне қатысты.

Иран кәсіпкерлері Қазақстанға екі елдіӊ өӊірлері арасындағы туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды ұсынды.

Айта кетейік, бүгінгі көрмеде ирандық 97 кәсіпкер күнгейліктерге тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау салалары бойынша өндірген өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынуда.

Бүгінгі таӊда Иран Ислам Республикасы Қазақстанныӊ стратегиялық маӊызды халықаралық әріптестерініӊ бірі болып табылады.

2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша қос ел арасындағы сауда-саттық көлемі 700 млн. АҚШ долларына жеткен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы Декларацияға Тегеранда 1999 жылғы 6 қазанда қол қойылды.

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасыныӊ қарым-қатынасы өзара сенім, бір-бірініӊ егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу принциптеріне, халықаралық қауіпсіздік принциптерін сақтауға негізделген және тату көршіліктіӊ, екі тараптыӊ саяси, экономикалық мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудіӊ негізінде достық байланыстардыӊ деӊгейін одан әрі көтеруге бағытталған.

Расында, Қазақстан мен Иран байланыстарыныӊ тарихы әріде болғанымен, мемлекеттік деӊгейдегі ресми дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдыӊ 22 қаӊтарында басталған. Осы жылы Иранныӊ Қазақстандағы елшілігі, ал 1993 жылы Иранда Қазақстан елшілігі ашылған. Қазақстан мен Иран АӨСШК, ШЫҰ, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Каспий теӊізі бойынша Арнайы жұмыс тобы секілді өӊірлік және халықаралық құрылымдар арқылы да жемісті ынтымақтасып келеді. Сонымен қатар, Президент Н.Назарбаевтыӊ 1999 жылы 6 қазанда Тегеранға жасаған ресми сапарында "Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы Декларация" қабылданды. Содан кейін де түрлі деӊгейде барыс-келіс, сауда-экономикалық, мәдени гуманитарлық қатынас толастаған емес. Тек соӊғы жылдары соныӊ екпіні еселене түскені байқалады. Алдағы уақытта елдер арасындағы тауар айналымын екі есеге, жақын келешекте бес есеге арттыру көзделеді. Мұндай ниетті Ақордада өткен жоғары деӊгейдегі кездесуде екі ел президенттері құптап, оған мүмкіндік пен әлеует толық бар екендігіне назар аудартып, ақыр аяғы тиісті министрліктерге тапсырмалар берді, қажетті құжаттарға қолдарын қойып, рәсімдеді. Атап айтқанда, ондай құжаттардыӊ қатарында Қазақстан мен Иран Президенттерініӊ бірлескен мәлімдемесі қабылданып, екі елдіӊ Сыртқы істер министрлері арасында ынтымақтастық туралы бесжылдық бағдарламаға қол қойылды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктердіӊ халықаралық автомобиль тасымалы туралы келісім жасалып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасы рәсімделді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны