08.11.2016, 09:13 4919

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Қазығұрт ауданындағы "Жасыл желек" мемлекеттік мекемесініӊ жұмысымен және мектептіӊ құрылысымен танысты

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданындағы "Жасыл желек" мемлекеттік мекемесініӊ жұмысымен танысып, тұқымбақтағы көшеттерді аралап көрді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданындағы "Жасыл желек" мемлекеттік мекемесініӊ жұмысымен танысып, тұқымбақтағы көшеттерді аралап көрді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Үш учаскелік бөліктен тұратын 60 гектар тәлімбақта бүгінде 3,5 млн. түптен астам ағаш көшеттері бапталуда. Осындағы жұмыстардыӊ жайын баяндаған облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы М.Отаршиев тұқымбақта қылқан жапырақты, декоративті, жеміс ағаштары мен бұталардыӊ 40-тан астам түрі егілгенін жеткізді. Сондай-ақ, ол тұқымбақтағы өсіріліп жатқан сеппе және тікпе көшеттерге тұрақты түрде күтіп, баптау жұмыстары жүргізілетінін және сұранысқа ие көшеттердіӊ түрлерімен толықтырылып отыратынын айтты. Мәселен, биыл мекеме тұқымбағында 912 мыӊ түп өскін жаӊадан отырғызылған.

Басқарма басшысын мұқият тыӊдаған облыс әкімі осындағы қылқан жапырақты және декоративті ағаштардыӊ биіктігі 2,5 метрден асатын сұрыптарын Шымкент қаласыныӊ орталығындағы 26 көшеге отырғызуды тапсырды.

"Өздеріӊіз білесіздер, халқы көп Шымкент қаласында тиісінше, автокөліктердіӊ саны да тығыз. Сондықтан экологияны сақтап, табиғи балансты реттеу үшін Шымкентті жасыл қалаға айналдырып, атына лайықты етуіміз керек. Шаһардыӊ көркіне сән беретін түрлі декоративті ағаштардыӊ санын көбейту үшін осы тұқымбаққа жаӊа көшеттерді егу керек. Шымкенттіӊ көгалдандыру жұмыстарына тиісті сала мамандары бірауыздан жұмылдыруды жүктеймін",-деді әкім.

Шымкенттіӊ көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берген аймақ басшысы бұл мәселені жеке бақылауына алатынын ескертіп, алдағы уақытта қалада бірнеше шағын бақтар (скверлер) салынатынын жеткізді.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, "Жасыл желек" тұқымбағынан қалада отырғызуға сай келетін шамамен 100 мыӊ ағаш көшетін алуға болады.

Мекеме құрылған 11 жылда тұқымбақтыӊ егіндік бөлімшелерінде 3-4 млн. дана аралығында қылқан жапырақты, декоративті, жеміс ағаштары мен бұталардыӊ 40-тан аса түрі өсіріліп, облыстағы мемлекеттік мекемелер мен халықтыӊ сұранысын қанағаттандырған.

Осы күні облыс әкімі Шарапхана ауылдық округіндегі "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан М.Өтемісұлы атындағы 300 орындық мектептіӊ құрылысымен танысты. Келер жылға өтпелі нысанныӊ сапасын қадағалаған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, онда қолданылатын құрылыс заттары отандық болуын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны