20.10.2016, 11:37 4305

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі өӊір кәсіпкерлерімен кездесті

Жиынға 160-тан астам шағын және орта бизнес өкілдерімен қатар, ірі кәсіпкерлер де қатысты. Бейресми кездесудіӊ басты мақсаты - аймақтағы кәсіпкерлермен жақын танысып, осы салада қордаланған өзекті мәселелерді ортақтасып шешу болып табылады.

Шымкент. 20 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев өӊірдегі бизнес өкілдермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиынға 160-тан астам шағын және орта бизнес өкілдерімен қатар, ірі кәсіпкерлер де қатысты. Бейресми кездесудіӊ басты мақсаты - аймақтағы кәсіпкерлермен жақын танысып, осы салада қордаланған өзекті мәселелерді ортақтасып шешу болып табылады.

Жиында облыс әкімі өӊірдіӊ индустриалды-инновациялық даму жұмыстарында Елбасыныӊ берген тапсырмаларын толықтай орындап, бұл ретте, қағазбастылықтыӊ азайып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін айтты. Аймақ басшысыныӊ кәсіпкерлікті қолдауға айрықша көӊіл бөлгені жиналғандарды қуантып, өздерін алаӊдататын мәселелерді әкімніӊ тікелей алдында баяндады.

Атап айтар болсақ, "Диойлгаз" компаниясыныӊ жетекшілігі "Тассай" индустриялды аймағынан бөлінген жер телімініӊ құжаттарын рәсімдеудегі қағазбастылық пен оны беруді кешеуілдетіп жатқанын айтты. Өз кезегінде, осы мәселе бойынша жауап берген облыс әкімі таяуда 14 қаулыға қол қоятынын, онда аталған "Диойлгаз" компаниясыныӊ да бар екенін жеткізді. Мұнан бөлек, апта соӊына дейін жер учаскесін беру бойынша қаулыныӊ дайын болатынын айтты.

Кездесу барысында айтылған және сол жерде шешімін тапқан мәселелердіӊ бірі "Марай Е 7" және "Карлс Крона" кәсіпорындарыныӊ электр энергиясымен қамтылмай отырғаны еді. Мәселеге қанық болған Жансейіт Түймебаев 3 тәулік аралығында аталмыш кәсіпорындарға электр қуатын жеткізуді тапсырды.

Бұдан өзге, отырыста инженерлік коммуникациялар мәселелері мен өнімді өткізу, шет елден келетін жұмысшыларға виза алу мәселелері сынды кәсіпкерліктіӊ дамуына кедергі келтіретін көптеген проблемалар қозғалды.

Жиын қорытындысы бойынша, облыс әкімі жүйелі түрде жұмыс жасауды және облыс әкімініӊ жанынан кәсіпкерлер кеӊесін құруды тапсырды. Сондай-ақ, айына бір рет кәсіпкерліктіӊ түрлі салаларына байланысты бизнесмендермен жиын өткізуді ұсынып, мемлекет пен кәсіпкерлік құрылымдары күштерін біріктіретін болса, күткен межені бағындыруға болатынын баса айтты.

Отырыс нәтижесін бойынша Жансейіт Түймебаев белгілеп берген бірқатар тапсырмалар мынадай:

Бірінші. Кәсіпкерлердіӊ күрделі мәселелерін жинақтап, облыс әкімініӊ жанынан құрылған кәсіпкерлер кеӊесінде шешім шығару;

Екінші. Оӊтүстік Қазақстан облысында шығарылатын тауарлар мен қызмет түрлерін дамыту бойынша жұмыс тобын құрып, өнімдерді республикалық, халықаралық көрмелер мен форумдарда және де өзге де іс-шараларда көрсету;

Үшінші. Астана мен Алматы қалаларында үздіксіз жұмыс істейтін сауда-көрме орталығын құрып, онда Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ өнімдерін өткізіп, саудалау;

Төртінші. Мемлекеттік органдар жұмысыныӊ ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ жұмысын электронды форматқа көшіріп, құжат айналымын өзгерту. Облыс әкімдігі барлық рұқсат етілген құжаттардыӊ мерзімін қадағалап отырса, мерзімінен кешіккен аудан әкімдіктері мен қала әкімдіктері немесе мемлекеттік органдар жауапкершілікке тартылатын болады;

Бесінші. Сондай-ақ бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілгін дамытып, әлеуметтік-мәдени салаға қолдау көрсету;

Алтыншы. Мемлекеттік қызметшілердіӊ жауапкершілігіне айрықша назар аударылады. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда нақты шаралар көрілетін болады;

Жетінші. Білікті кадрларды даяулаудыӊ нәтижелі жүйесін құру үшін жергілікті ЖОО мен колледждерді тарту керек. Сонымен бірге, дуальді оқыту жүйесін дамыту үшін индустриалды аймақтарда колледждер өкілдігін құру жайын қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ, әкім кәсіпорындардыӊ қажеттілігіне байланысты тікелей грант бөліп, осы мәселені қайта қарауды жүктеді;

Сегізінші. Кәсіпкерлік саласында алға қойылған мақсаттарды орындау үшін өӊірдіӊ стратегиялық жоспарын әзірлеу керек.

Жиналыс барысында көтерілген барлық мәселелер облыс әкімініӊ жіті бақылауына алынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны