08.11.2016, 13:21 3786

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Түркияныӊ Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігініӊ Қазақстандағы өкілімен кездесті

Бас қосуда тараптар бауырлас қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі жақсарту жайын талқылап, ынтымақтастық меморандумын түзу жайын әӊгімеледі. Атап айтқанда, олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет, туризм сынды түрлі салалар бойынша бірлескен жобалар жасауға уағдаласты.

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігініӊ (одан әрі - TIKA) Қазақстандағы өкілі Или Ихсан Чаглармен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бас қосуда тараптар бауырлас қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі жақсарту жайын талқылап, ынтымақтастық меморандумын түзу жайын әӊгімеледі. Атап айтқанда, олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет, туризм сынды түрлі салалар бойынша бірлескен жобалар жасауға уағдаласты.

Өз кезегінде, аймақ басшысы өӊірімізге арнайы келген мәртебелі мейманға алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Агенттік өкілі Или Ихсан Чаглар өзі қызмет ететін TIKA ұйымы арқылы Қазақстанныӊ Тәуелсіздік жылдарында жеткен табыстарын дүниежүзіне танытып, еліміздіӊ атын шығаруға әрекет ететінін жеткізді.

Айта кету керек, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігініӊ әлемніӊ 56 елінде филиалдары бар. Жер-жаһанныӊ 150 елімен ынтымақтық жобаларын жасасқан TIKA ұйымы соӊғы 3 жылда ынтымақтастық жұмыстары мен гуманитарлық көмектердіӊ арқасында әлемде бірінші орынға шыққан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауында:

"Жаӊа жаһандық нақты ахуалдыӊ мәні тек әртараптандырылған экономиканыӊ ғана жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаӊа инвестициялық саясат керек.

Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маӊызды. Біз "күрделі инвестициялар" тарту үшін оӊтайлы орта қалыптастыруымыз керек. Осы жылы "Астана" Халықаралық қаржы орталығын құру туралы шешім қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру салаларында өӊірлік хаб болады. Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі бар өӊірдегі көшбасшы-елге айналуы тиіс. Бізде озық техникалық кадрлар, әлемдік деӊгейдегі инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардыӊ жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформаларды әрі қарай жалғастыру ЭЫДҰ және басқа да халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш ай мерзім ішінде инвестициялық ахуалды жақсартудыӊ егжей-тегжейлі жоспарын жасап ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, инвесторлармен жұмысты белсенді ете түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Үкімет кеӊесін құруды тапсырамын. Өӊірлерде жергілікті маӊыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартуға қажетті осындай кеӊестер құру керек",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны